Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Дарынды оқушылар «Болашақпен» шетелде оқытылуы мүмкін

Дарынды оқушылар «Болашақпен» шетелде оқытылуы мүмкін

«Болашақ» бағдарламасының үміткерлерін іріктеу талаптары өзгеруі мүмкін. Бұл туралы ашық НҚА порталында жарияланған Үкіметтің қаулы жобасында айтылған.

«Жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары үшін «Болашақ» халықаралық стипендиясы шеңберінде бакалавриат бағдарламасы бойынша оқу үшін халықаралық, республикалық орындаушылар конкурстарының жеңімпаздарына жекелеген квота бекіту ұсынылады», – делінген қаулы жобасының түсініктемесінде.

Бұдан бөлек елдің ғылыми әлеуетін арттыру мақсатында Split PhD бағдарламасын енгізу ұсынылады. Докторантура бағдарламасының бұл моделі екі серіктес жоо-ның базасында зерттеу жүргізуге мүмкіндік береді.

Қаулының толық жобасымен мына жердеен танысуға болады.

03 қараша 2024 ж. 221 0