Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Тек Қазақстанның батыс өңірлеріне ғана ауа температурасы төмендейді. Елдің барлық аймағында жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын болуы мүмкін.
Елордада 23 қазанда күн құбылмалы, жаңбыр жауады. Түнде +2°C, күндіз +9°C жылыны көрсетеді. 24 қазанда күн бұлтты, түнде +7°C, күндіз +11°C жылы болады. 25 қазанда күн ашық, түнде +4°C, күндіз +12°C жылы.
Алматыда 23 қазанда күн құбылмалы, қар аралас жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде 0°C, күндіз +7°C болады. 24-25 қазанда күн ашық, түнде 0…+1°C, күндіз +8…+12°C жылы болады.
Шымкентте 22 қазанда күн құбылмалы, түнде 0°C, күндіз +13°C жылы. 24-25 қазанда күн ашық, түнде +3°C, күндіз +17…+19°C жылы болады.
Қараша айының бірінші жартысы жылы болады деп болжанып отыр. Солтүстікте ауа температурасы түнде минус 3 градустан -8…-13°С дейін, күндіз +3…+10°С-тан -2+3°С дейін құбылады.
Бірінші онкүндіктің соңында республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында және орталығында жел күшейіп, жауын-шашын (көбіне қар) түседі, айдың екінші жартысында бұл құбылыс жиілейді. Бір ай бойы көктайғақ пен тұман байқалады.
«Айдың екінші жартысында күн қатты суытады. Сынап бағанасы түнде -17…-25°С дейін, күндіз -8…-13°С дейін, ал еліміздің шығысында түнде -30°С дейін, күндіз -18°С дейін төмендейді», – деп болжады синоптиктер.
Қарашаның үшінші онкүндігінде аяздың беті қайтады. Батыста, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста жабысқақ қар мен жаңбыр түрінде жауын-шашын жауады.
Ең жылы күндер айдың бірінші жартысында болады. Күндіз ауа температурасы +10…+18°C дейін жоғарылауы мүмкін, алайда қарашаның екінші жартысында температура фоны түнде -5…-17°C, күндіз -2…-7°C дейін төмендейді.