Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 23 газет

23 наурыз 2026 ж.

№ 20 газет

17 наурыз 2026 ж.

№ 19 газет

14 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Мемлекет басшысы Халықаралық сот әкімшілігі қауымдастығының президенті Луис Пальманы қабылдады

Мемлекет басшысы Халықаралық сот әкімшілігі қауымдастығының президенті Луис Пальманы қабылдады

ҚР Судьяларының IX съезі алаңында Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық сот әкімшілігі қауымдастығының (IACA) президенті Луис Пальмамен кездесті, деп хабарлайды Аkorda.kz.

Жүздесуде Қазақстандағы сот реформасының өзекті мәселелері талқыланды. Президент елімізде сот әкімшілігінің жаңа жүйесі құрылғаннан кейін соттардың дербестігі нығая түскенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Луис Пальма сот органдары арасындағы тығыз ынтымақтастықтың, сот төрелігі жүйесін жаңғырту саласында тәжірибе алмасудың және сот өндірісін цифрландырудың маңызды екеніне назар аударды.

Мемлекет басшысы Қазақстан Сот әкімшілігінің IACA-мен өзара ықпалдастығы аталған саланы жаңа деңгейге көтеріп, сапасын арттыра түсетініне сенім білдірді.

Өз кезегінде Луис Пальма Қазақстанның сот жүйесін басқару сегментіндегі жаңа өзгерістерді жоғары бағалап, Халықаралық сот әкімшілігі қауымдастығының басқа мүшелері біздің еліміздің тәжірибесін зерделеуі қажет екенін айтты.
04 қазан 2024 ж. 349 0