Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Цифрландыру – заман талабы

Цифрландыру – заман талабы

Мектеп жасына дейінгі балалардың жеке даму картасы цифрлық форматқа ауысады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.

Қазіргі таңда кез келген дерекке онлайн түрде қол жеткізуге болады. Бұл бір жағынан халыққа өте тиімді. Себебі цифрландырудың арқасында уақыт үнем­деліп, ұзын-сонар кезек азайып келеді.

Биыл мектеп жасына дейінгі баланың жеке даму картасы автоматтандырылды. Мектеп жасына дейінгі баланың жеке даму картасы әр баланың қажеттіліктерін тереңірек түсінуге және мектепте оқуды сәтті бастау үшін дайындауға мүмкіндік береді.

– Картада дамудың барлық маңызды аспектілері көрсетілген. Оның ішінде типтік оқу бағдарламасын игеру барысында қалыптасатын физикалық жағдай, коммуникативті, танымдық, интеллектуалды, шығармашылық, зерттеу және әлеуметтік-эмоционалды дағдылар бар. Мұндай жүйелі тәсіл сапалы білім беруді қамтамасыз етеді және балалардың бас­тауыш мектепте табысты бейімделуіне ықпал етеді, – деді ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі білім департаментінің директоры.

Карта цифрлық форматқа ауыстырылып, ұлттық білім беру дерекқорымен интеграцияланған. Бұл ақпаратты мектептерге жолдап, мектепке дейінгі білім беру мен бастауыш білім беру арасындағы сабақтастықты қамтамасыз етеді.

«Тт» ақпарат
 Фото: Оқу-ағарту министрлігі
15 қазан 2024 ж. 129 0