Мектепті дамыту бағдарламасы талқыланды

Жиын барысында бөлімнің әдістемелік кабинет меңгерушісі Сайлауұлы Ербол мектептің даму бағдарламасын даярлау бойынша 5 бөлімнің әрқайсысына тоқтап, талдау жасады.
Білім мекемелерінің даму бағдарламаларын құрастыру кезінде білім саласының басым бағыттарын көрсете отырып, нысаналы индикаторларға қолжетімді көрсеткіштерді көрсетуін және оны іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын нақты және тиімді жасаудың жолдарын көрсетті.
Жиынды қорытқан аудандық білім бөлім басшысы Б.Жәнібеков әр мектептің 5 жылға арналған даму бағдарламаларының мектептің білім сапасын арттыруда маңызды екенін айтып, аталған бағыттар бойынша жұмысты жандандыруды білім мекемелері басшыларына тапсырды.