V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Бексұлтан Бостандықов чемпион атанды

Бүгін Сарыарқаның сайын даласынан бүкіл әлем көз тіккен байрақты бәсекеден ақжолтай хабар келді. Жерлесіміз, тоғызқұмалақтан Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Еуропа, Азия чемпионы Бексұлтан Бостандықов көшпенділер ойындарында чемпион атанды.
Байрақты бәсекеде ел намысын қорғап, аудан мерейін асқақтатқан жерлесіміз Бексұлтан Бостандықовты жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!