Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

№90 газет

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » 15 қыркүйектен бастап карантин шектеулері енгізілетіні рас па?

15 қыркүйектен бастап карантин шектеулері енгізілетіні рас па?

Әлеуметтік желілердегі 15 қыркүйектен бастап карантин шектеулері енгізіліп, барлығына бетперде тағу міндеттеледі деген ақпарат жалған болып шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мәлімдеді.

– ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің міндетін атқарушының эпидемиялық маусым кезеңінде профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізуді көздейтін қаулысына сәйкес, осы жылғы 15 қыркүйектен бастап тұмауға қарсы вакцинация жүргізу басталады. Маска кию режимі тек медициналық ұйымдардың қызметкерлері үшін енгізіледі. Ал коронавирус инфекциясының жағдайы бақылануда. Шындыққа жанаспайтын ақпаратты тарататын адамдардың іс-әрекеттеріне құқықтық баға беру үшін материалдар құқық қорғау органдарына берілді, – делінген ресми хабарламада.

Фото: Ашық дереккөзден

03 қыркүйек 2024 ж. 566 0