Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Мерекелік іс-шара өткізілді

Мерекелік іс-шара өткізілді

30 тамыз – ҚР Конституциясы күні мерекесі қарсаңында Сырдария аудандық қорғаныс істері бөлімінде мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шараға аудан әкімдігінің, ауылдық округі әкімі аппараттарының, тиісті бөлім, мекемелердің жауапты мамандары мен ардагерлер қатысты.

Іс-шарада Сырдария аудандық қорғаныс істері бөлімінің бастығы, подполковник Жомарт Прназаров құттықтау сөз сөйледі.

Жалпыұлттық референдум арқылы жаңартылған Конституциямыз ұлтты біріктірудің нағыз символына айналды. Сондай-ақ негізгі заңымыз елдің саяси жүйесін демократияландыруды, заң үстемдігін қамтамасыз етуді және халықтың әл-ауқатын арттыруды көздейтін ауқымды өзгерістердің берік тұғыры саналады. Конституциямызға құрмет көрсету – әрбір адамныңбасты парызы. Біздің басты құндылықтарымыз – Тәуелсіздігіміз, Ата Заңымыз бен бірлігіміз нығая берсін, – деп атап өтті бөлім бастығы.

Мұнан соң аудан әкімі аппаратының бөлім басшысы Қ.Қуандықов сөз сөйлеп, Ата Заң – мемлекеттің іргетасын бекітумен қатар әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси дамуының басты бағдары екенін айтты. Іс-шара барысында Ауған соғысының ардагері Ж.Нарымбетов, ауылдық округі әкімі аппараттарының әскери есеп мамандары А.Асқаров, З.Махашева, Л.Жарасбай, Т.Арыстанбек, Е.Асқаров аудандық қорғаныс істері бөлімінің бастығының Алғыс хатымен марапатталды.

Ақтөре ИБРАГИМҰЛЫ
29 тамыз 2024 ж. 526 0