Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 80 газет

21 қазан 2025 ж.

№79 газет

18 қазан 2025 ж.

№78 газет

14 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » "Жолда қабылдау" акциясы жалғасуда

"Жолда қабылдау" акциясы жалғасуда

Ішкі істер министірлігінің нұсқауы бойынша ауданымызда «Жолда қабылдау» акциясы ұйымдастырылып келеді. Акцияның басты мақсаты – тұрғындарға құқықтық көмек көрсету.

Тұрғындар үшін қажетті акция Тереңөзек кентінде 16-17 тамыз күндері өтті. «Жолда қабылдау» акциясында аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері тұрғындарға құқықтық көмек көрсетіп, барлық сұрақтарға жауап берді. Мамандар тұрғындарға жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін және көші-қон заңнамаларының сақталуын түсіндірді. Сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталықтарында тіркеу, тіркеуден шығару, құжат ауыс­тыру, айыппұл төлеуге қатысты толық ақпарат берді.

Қабылдау аясында сырдариялықтар жол қауіпсіздігіне, қылмысқа қатысты толғандырған сауалдарын қойды. Полиция қызметкерлері көлікті мас күйінде тізгіндеген жүргізушілерге жауапкершіліктің күйшейгенін түсіндірді. Аудандық полиция бөлімінің хабарлауынша, «Жолда қабылдау» акциясы алдағы уақытта да ұйымдастырылады.

«Тт» ақпарат
20 тамыз 2024 ж. 235 0