Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақжармада көшелер жөнделуде

Ақжармада көшелер жөнделуде

Бүгін аудандық партия филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері Ақжарма ауылында жүргізіліп жатқан жұмыстарға партиялық бақылау жасады. Аудандық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі, аудандық мәслихат депутаты Марат Алдабергенұлы Бисенов бастаған топ мүшелері «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында Ақжарма ауылындағы А.Есентұров, Т.Балапанов көшелеріне орташа жол жөндеу жұмыстарын көрді.

Жобаның жалпы құны А.Есентұров көшесінің жол жөндеу жұмыстарына 45 810,539 мың теңге және Т.Балапанов көшесін орташа жөндеу жұмыстарына 26 344 550 мың теңге қаржы бөлінген.Қазіргі уақытта Т.Балапанов көшесіне жол жөндеу жұмыстары аяқталды.

Ауылдық округте О.Сқақов, Е.Омаров, Ж.Домбаев көшелерін жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде. Жобаның жалпы құны 25 834,952 мың теңге.

Тапсырыс беруші Сырдария аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі.

Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері жұмыстар өз мерзімінен кешікпей аяқталуы қажеттігін тапсырды.
11 қараша 2021 ж. 255 0