«Мектепке жол» акциясы басталды

– Акция 15 жылдан бері жүргізіліп келеді. Ол жаңа оқу жылына дайындық кезінде аз қамтылған отбасылардың балаларына демеушілік көмек көрсетуге бағытталған. Оған волонтерлар, кәсіпкерлер, меценаттар, үкіметтік емес ұйымдар және барлық жанашыр азаматтар қатыса алады. Айта кетейік, акция кезеңінде азаматтардың өтініштеріне жедел жауап беру үшін сенім телефондары, қоғамдық қабылдаулар үздіксіз жұмыс істейтін болады, – деді Насымжан Оспанова.
Акция барысында Балалардың құқықтарын қорғау комитетінде +7 (7172) 74-25-28 жедел желісі және «BALA QORGAÝ» телеграм-чаты жұмыс істеуде. Ол арқылы кез-келген адам көмек алу немесе мұқтаж жандарға көмек көрсету үшін жүгіне алады. Мұнан бөлек жергілікті жердегі білім, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары мен бөлімдері арқылы да толыққанды ақпарат алуға болады.
«Тт» ақпарат
Фото: qazdauiri.kz