Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Республикалық акция ауданда жалғасты

Республикалық акция ауданда жалғасты

Сыр волонтерлары орталығының «BIRGEMIZ:QAMQOR” бағыты бойынша «Мың алғыс!» жалпыреспубликалық акциясы қасиетті Құрбан айт мерекесінің алғашқы күні өткізілді. Аталған республикалық акция Сырдария ауданында да жалғасын тапты.

Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы және «Сыр волонтерлары» орталығының ұйымдастыруымен өткен акцияға облыстық ҚХА құрылымдары мен этномәдени бірлестік өкілдері, облыстық Жастар ресурстық орталығының жанынан құрылған волонтерлар фронт-офисі, кәсіпкерлер мен меценаттар, қоғамдық ұйымдар және барлық аудандар белсене атсалысты.

Мейірімділікке толы акция барысында «Қоғамдық келісім» КММ Сырдария аудандық этносаралық қатынастар жөніндегі сарапшысы «Иман-2013» қоғамдық қорымен бірлесіп, Сырдария аудандық ауруханасында жұмыс жасайтын 51 медицина қызметкерінің үйіне құрбандыққа шалынған мал еттерін таратты. Сондай-ақ азық-түліктей де көмек көрсетіліп, елеулі еңбектері үшін облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы атынан Алғысқа толы алғыс хаттар табысталды.

«ТТ-ақпарат»

04 тамыз 2020 ж. 625 0