Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыр елінің жас ұстаздары жазғы лагерьде

Сыр елінің жас ұстаздары жазғы лагерьде

«ProRestTeacher» жас ұстаздарға арналған кәсіби демалыс жазғы лагері 30 шілде 1 тамыз аралығында Түркістан облысының «АҚСУ ДЕМІ» шипажайында өтті.


Жас кәсіподақ көшбасшыларын анықтауға, кәсіподақ қозғалысында жастар саясатын дамытып, көшбасшылар мен белсенділерді тартуға бағытталған оң бастама Қызылорда облыстық білім және ғылым қызметкерлері салалық кәсіподағының ұйымдастыруымен өтті.


Шараға Орталық комитеттің Ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің мамандары Индира Сақауова мен Асан Бітімбай қатысып, жас ұстаздарға Салалық кәсіподақ жанынан құрылған Жастар ісі жөніндегі кеңестің қызметі туралы ақпарат беріп, тәжірибелерімен бөлісті.


Сондай-ақ Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Рекрутинг және мансап басқармасының бас маманы Асқат Мырзабай — «CHAT GPT – жасанды интеллект»; Сенімен Болашақ» РҚБ Қызылорда облыстық филиалының басшысы Шәкизат Қаратайұлы — «Ұлағатты отбасы – ұлт құндылығы»; Облыстық психологиялық қолдау орталығының басшысы Жұмагүл Баянова — «Балада дұрыс репродуктивті денсаулықты қалыптастыру» тақырыбында дөңгелек үстел, тренингтер өткізді.

04 тамыз 2024 ж. 186 0