Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№100 газет

21 желтоқсан 2024 ж.

№ 99 газет

14 желтоқсан 2024 ж.

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Сайлауалды бағдарламаның орындалуы сараланды

Сайлауалды бағдарламаның орындалуы сараланды

Аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының отырысы өтті. Басқосуды партияның аудандық филиал төрағасы Е.Әжікенов ашып, жүргізіп отырды.

Фракция отырысының күн тәртібінде негізгі екі мәселе қаралды. Аудан әкімі Б.Сәрменбаев партияның сайлауалды бағдарламасында көрсетілген мақсат-міндеттер мен жеке сайлауалды бағдарламасының жүзеге асыру бойынша атқарылған жұмыстарды, алдағы жоспарларды баяндады.

– Өздеріңізге белгілі, «АМАNАТ» пар­тиясының 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағ­дарламасын Қызылорда облысы бойынша іске асырудың жол картасы бекітілген. Жол картасында Сырдария ауданы бойынша 50 бағыт енгізілген, оның 45-і биыл орындалады деп жоспарланған. Қазір үш нысанға, яғни Бесарық ауылдық округіндегі спорт кешенін пайдалануға беруге, С.Сейфуллин және А.Тоқмағанбетов ауылдарын толығымен газдандыруға басымдық беріп жатырмыз. Мұнан бөлек су үнемдеу технологияларын қолданумен жер көлемін ұлғайту, «Жер аманаты» партиялық жобасы аясында заңсыз берілген немесе пайдаланылмаған жерлер мен жайылымдарды мемлекет меншігіне қайтару, құрылыс аудандарының инженерлік-коммуникациялық инфра­құры­лымын дамыту және жайластыру, сумен жабдықтау қызметтеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету де басты назарымызда. Сондай-ақ 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту, физика, химия, биология, stem пәндік кабинеттерімен қамтамасыз етілген негізгі және орта мектептердің санын арттыру, күндізгі мемлекеттік жалпы білім беретін орта білім беру ұйымдарын бейнебақылаумен қамтамасыз ету, «Бақытты отбасы» жобасы аясында қиын жағдайға тап болған отбасыларды анықтауға және оларға жан-жақты көмек көрсетуге бағытталған іс-шаралар өткізу жоспары орындалды, – деді аудан әкімі.

Б.Сәрменбаев «Электронды еңбек биржасы» порталы арқылы тегін курстарға жоспар бойынша 129 адамды оқыту жос­парланып, 337 адам оқығанын жеткізді. Жұмыс берушілердің қатысуымен жас­тарға бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйым­дастырылып жатқанын айтып, елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру бағытындағы жұмыстарға да тоқталды.

– Атқарылған жұмыстарға қарамастан орындалмай тұрған жұмыстар да бар. Атап айтқанда, «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту» ұлттық жобасы шең­берінде жұмыссыздарды жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен біз 1290 адамды қамтуымыз керек. Қазір 1090 адам қамтылып тұр. Сонымен бірге шағын және орта бизнес секторында жұмыспен қамтылғандар саны 5119 адам болуы керек еді. 2024 жылдың І тоқсанында тіркелген шағын орта бизнес субъектілерінің саны 2709 болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 84 пайызды құрап отырғанын ескеру қажет. «Ауыл аманаты» жобасы аясында 960 млн теңгенің 104 жобасы қаржыландыру жоспарланған. Былтыр да бұл бағыт орындалмағанын ескеріп, жос­парды азайту қажеттілігі туындап отыр, – деді аудан әкімі.

Аудан басшысы сондай-ақ ауданның негізгі әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде де айтып өтті. Фракция мүшелерін тиісті бөлімдермен, кент және ауыл әкімдерімен бірлесіп, Жол картасында белгіленген жұмыстардың орындалуына атсалысуға шақырды.

А.ИБРАГИМҰЛЫ
03 тамыз 2024 ж. 174 0