Алло, такси?!
Қарбалас пен күйбеңге толы қазіргі заманда елдің бәрі асығыс. Көпшілік жылдам такси қызметіне жиі жүгінеді. Аудан көлемінде де жеткізіп беру немесе такси қызметіне сұраныс артқан. Осы орайда жас кәсіпкер аудан орталығынан «Аlo, taxi» ІТ такси жүйесін ашып, халыққа тиімді қызмет көрсетіп отыр.
Аудан орталығында арнайы офисын ашқан «Аlo, taxi» бір орталықтан қызмет көрсетіп, халыққа жылдам қызмет ұсынады. Қазіргі таңда орталықта 30 шақты көлік жүргізушісі бар. Әп сәтте халыққа қызмет көрсетуге даяр тұратын көлік жүргізушілері қоңырау келісімен, тиісті мекен жайға жетіп барады. Айтпақшы, орталық ұйымдастырушылары кейде арнайы ойын, байқаулар ұйымдастырып, жолы болған тұтынушыны діттеген жеріне тегін жеткізіп салып жатады.
Аудан орталығында арнайы офисын ашқан «Аlo, taxi» бір орталықтан қызмет көрсетіп, халыққа жылдам қызмет ұсынады. Қазіргі таңда орталықта 30 шақты көлік жүргізушісі бар. Әп сәтте халыққа қызмет көрсетуге даяр тұратын көлік жүргізушілері қоңырау келісімен, тиісті мекен жайға жетіп барады. Айтпақшы, орталық ұйымдастырушылары кейде арнайы ойын, байқаулар ұйымдастырып, жолы болған тұтынушыны діттеген жеріне тегін жеткізіп салып жатады.
– Ауданда такси қызметіне сұраныс жоғары. Осы ретте барлық такси мен жүргізушілерді бір орталыққа топтастыруды көздейміз. Бұл халыққа да ыңғайлы. «Қайда, қандай такси бар?» деп сабылып жүрмейді. Орталыққа қоңырау шалса болғаны, мамандар айтылған жерге бос көлікті жібереді. Көлік 3-5 минут аралығында тапсырыс берушіге жетіп барады. Халық бұл жүйеге үйренісіп алса, тиімді болмақ. Үлкен қалаларда «Индрайвер», «Яндекс такси» секілді бағдарламалар жұмыс істейді. Есесіне, тұрғындар бұл жүйеге әбден үйренген. Қажетті адресті көрсетеді, құнын, жолды барлығын ақылды бағдарлама өзі көрсетіп береді. Үлкен қаладағыдай жан-жақты жағдай жасалып, гүлденіп келе жатқан аудан орталығында да осындай жүйенің болуы орынды деп білеміз. Жаңашылдықты халық та жақсы қабылдауда, – дейді жас кәсіпкер Әсел Татанова.
Айта кетейік, «Аlo, taxi» – заманауи әрі жаңа форматтағы ІТ такси. Тұрғындар ұялы телефон, ватсап әлеуметтік желісі арқылы такси шақыра алады. Сондай-ақ «App Store» немесе «Play market» арқылы қосымшаны жүктеп, тапсырыс беруге болады. Жүйелі такси жобасы қазіргі кезде таңғы 07.00-ден түнгі 01.00-ге дейін халыққа қалтқысыз қызмет көрсетіп келеді.
– Басты мақсат – халыққа қызмет ету. Айтпақшы, такси қызметінің құны белгіленген қашықтыққа қарай көрсетіледі. Кент орталығында және ауылдық округтерге әртүрлі баға қойылады. Халықтың қалтасына ауыртпалық келтірмеу жағын барынша басты назарда ұстаймыз. Орталық өз жұмысын бастағанына көп бола қойған жоқ. Сондықтан көпшілік сын-ескертпелерін назарға алып, әлде де кем-кетік толықтырылып, жұмыс жолға қойылатын болады. Сондай-ақ көпшіліктің назарын аудару мақсатында түрлі конкурстар ұйымдастырып, тұрғындарға тегін жүруге де мүмкіндік қарастырамыз, – дейді кәсіпкер.
Аружан МҰХАНБЕТҚАЛИ