Такси қызметін бір жүйеге келтіру мәселесі қаралды
Аудан әкімінің орынбасары Д.Байдушев, жауапты бөлім басшыларымен, құқық қорғау орындарының қызметкерлерімен бірге Қызылорда-Тереңөзек бағытына қатынайтын такси жүргізушілерімен кездесті.
Жиынды ашқан аудан әкімінің орынбасары қазіргі таңда халықтың басым бөлігі такси қызметіне жүгінетіндігін жеткізді. Такси қызметінің жұмысын бір жолға қою мақсатында бірқатар мәселелер жөнінде сөз қозғалды. Ең бастысы, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, жүргізушінің талапқа сай болуын қадағалау міндеті тұр. Сондықтан такси жүргізушеріне заң аясында жұмыс жасау мен диспетчерлік пункт ашып, заңсыз жолаушылар тасымалдайтын жүргізушілерді медициналық тексеруден және көлігін техникалық байқаудан өткізу тәртібін қалыптастыру керектігі айтылды.
Аталған жиында Қоғамдық кеңес төрағасы М.Еспенбетов өзінің ұсыныстарын жеткізіп, заң аясында жұмыс жасауға шақырды.
Жиын соңында такси жүргізушілеріне ауданық мемлекеттік кірістер басқармасы, аудандық полиция бөлімі, аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мамандары тиісті заң нормаларымен түсіндірмелер берді.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі