Бір сәтке тынығушылармен байланыс үзілмейді
Сырдария аудандық ауруханасының мамандары жаз мезгілінде «Жалын» сауықтыру-тынығу лагерімен тығыз байланысты үзген емес. Бұл жолы – 4 ауысым тынығушыларымен СӨСҚ мейірбикесі Лилия Ауминова балалар денсаулығына зиян келтіретін әдеттерге байланысты семинар өткізді.
Осыған дейін көптеген іс-шара өткізіп, балаларда кездесетін аурулардың алдын алуға бағыттылған көптеген құнды дүниені насихаттаған сала маманы лагерь демалушыларына түсіндірме жұмысын жүргізді.
Лагерь медбикесі Мадина Абдулпаттаевамен пікір алмасып, балалардың денсаулық жағдайын саралады.