Медицина мамандары үй жағдайында наусқастарға ем жүргізеді

Өз кезегінде аудандық емханаға қарасты «Амбулаториялық медициналық оңалту және қалпына келтіру емі» бөлімшесінің мамандары күнделікті науқастарға сан түрлі ем жүргізеді.
– Біздің бөлімшеде үй жағдайында ем қабылдайтын науқастарға жан-жақты мүмкіндік қарастырылған. Логопед, массаж, физиотерапия секілді бірнеше ем-шара түрін білікті мамандарымыз наусқастардың үйінде жасайды. Әрине, әрбір наусқастың денсаулық көрсеткішіене қарай жақсару үшін барымызды саламыз, – деді «Амбулаториялық медициналық оңалту және қалпына келтіру емі» бөлімшесінің меңгерушісі Серік Маханбетов.