Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№95 газет

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 газет

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы жалғасуда

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы жалғасуда

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында облыс тұрғындары, бюджеттік мекемелер қызметкерлері, облыстық басқармалар, департаменттер мен инспекциялар қызметкерлері белсенді қатысты.

Аймақ тазалығы үшін бей-жай қарамайтын жерлестеріміз мен мекемелерден жалпы 11799 адам қатысып, 169 техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 532,7 м3 қоқыс шығарылды.

Атап өту керек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Қалалар мен ауылдардың сәулетті, саябақтар мен ауланың таза болуы, ең алдымен, басқа біреуге емес, өзімізге керек. Азаматтарымыз қоғамдық орындар мен қоршаған ортаға жанашыр көзбен қарауға тиіс» - деген болатын.


Осы орайда, Президентіміздің бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық акциясын қолдау мақсатында үстіміздегі жылдың 6 сәуірінен бастап «Таза Қазақстан – Таза аймақ» тазалық науқаны бастау алған болатын.

Өңір тазалығын сақтау шаралары алдағы уақытта да жалғасын тауып, жыл соңына дейін санитарлық-тазалық жұмыстары жүргізілетін болады.

Тазалық – біз үшін басты құндылық.

Алтынай ЖҮНІСОВА
30 маусым 2024 ж. 307 0