Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі аппаратының басшысы тағайындалды

Аудан әкімі аппаратының басшысы тағайындалды

Сырдария ауданы әкімінің өкімімен аудан әкімі аппаратының басшысы лауазымына Шайхиев Рысбек Болатұлы тағайындалды.

Шайхиев Рысбек Болатұлы 1980 жылы Сырдария ауданында дүниеге келген.

Білімі жоғары, 2001 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «экономист» мамандығы бойынша, 2008 жылы Болашақ университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1997 жылы Қоғалыкөл ауылындағы «Майарық» жеке шаруашылығында жұмысшы болып бастаған.

2009 жылдан бастап мемлекеттік қызметтегі жауапты лауазымдарды атқарған:

Атап айтқанда, Қызылорда облысының жер қатынастары басқармасының бас маман заңгері, Қызылорда облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының әкімшілік құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы-мемлекеттік инспектор.

Осы уақытқа дейін ҚР ауылшаруашылығы министрлігінің жер ресурстарын басқару комитетінің Қызылорда облысының жер ресурстарын басқару департаментінің әкімшілік құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы-мемлекеттік инспекторы қызметін атқарып келген.





Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
24 мамыр 2022 ж. 554 0