Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Шілдеден бастап студенттердің шәкіртақысы өседі

Шілдеден бастап студенттердің шәкіртақысы өседі

Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің хабарлауынша, осы жылдың бірінші қыркүйегінен бастап шәкіртақы өседі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2021-2025 жылдарға арналған жол картасына сәйкес, стипендия екі есеге ұлғайтылады. Бұл ретте есептеулер кезінде базалық стипендия үшін 2020 жылғы шәкіртақылардың мөлшері есепке алынады. Мысалы, бакалаврларда бұл сома 26 186 теңгені құраған демек осы сома жыл сайын 20 пайызға артады.

"Осыған ұқсас есептеу тетігі Денсаулық сақтау министрлігі мен Назарбаев Университетінің стипендияларын қоспағанда, магистратурада да, докторантурада да қолданылды", – деп нақтылады комитет.

Белгілі болғандай:

бакалаврларға – 20 пайызға (41 898 теңгеден 47 135 теңгеге дейін, ал педагогика бағытында оқитындарға 67 200 теңгеден 75 600 теңгеге дейін);
магистранттар мен докторанттарға – 15 пайызға (97 024 теңгеден 107 061 теңгеге дейін, докторанттарда тиісінше 217 500 теңгеден 240 000 теңгеге дейін).
Жол картасын іске асыру үшін қазіргі уақытта Үкімет қаулысының жобасы әзірленді. Құжатқа сәйкес, 2024 жылдың қыркүйегінен бастап шәкіртақылар былай ұлғаяды:
жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттерге, даярлаудың педагогикалық бағыттары және "Денсаулық сақтау" бағыты бойынша оқитын студенттерді қоспағанда – 41 898 теңгеден 47 135 теңгеге дейін;
жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында даярлаудың педагогикалық бағыттары бойынша оқитын студенттерге – 67 200-ден 75 600 теңгеге дейін;
Жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша оқитын студенттерге – 67 200-ден 75 600 теңгеге дейін;
интерндерге – 75 890 теңгеден 85 376 теңгеге дейін;
магистранттарға – 97 024 теңгеден 107 061 теңгеге дейін;
докторанттарға – 217 500 теңгеден 240 000 теңгеге дейін;
"Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша оқитын докторанттардың шәкіртақысы – 217 500 теңгеден 240 000 теңгеге дейін;

"Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша резидент дәрігерлер мен магистранттарға – 111 579 теңгеден 123 122 теңгеге дейін.

Комитет атап өткендей, осы жылдың бюджетінде стипендияларды ұлғайтуға қаражат толық көлемде жоспарланған. Өсім есебінен 180 мыңнан астам студенттің табысы артады.


17 маусым 2024 ж. 147 0