Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№95 газет

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 газет

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Студенттердің шәкіртақысы 20 пайызға өседі

Студенттердің шәкіртақысы 20 пайызға өседі

2022 жылғы 1 қыркүйектен бастап Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қазақстандық жоғары оқу орындары студенттерінің стипендиясы 20%-ке, магистранттар мен докторанттардың стипендиясы 15%-ке өседі, деп хабарлайды 24.kz.

ҚР БҒМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 2021 жылдың қыркүйек айында бакалаврлар стипендиясының мөлшері 20%-ке, магистранттар мен докторанттар стипендиясының мөлшері 15%-ке артты. Осылайша 2021 жылдың қыркүйегінен бастап студенттердің шәкіртақысы 31 423 теңгені, магистранттардікі – 76 950 теңгені, докторанттардікі – 172 500 теңгені құрады.

«Осы жылдың қыркүйек айынан бастап студенттердің стипендиясы тағы да 20%-ке өседі. Мысалы, педагогика мамандарын даярлау бағыты бойынша оқитын студенттер 58 мың теңгеден астам, басқа бағыттар бойынша білім алатындар 37 мың теңгеге жуық шәкіртақы ала бастайды. Магистранттардың шәкіртақысы 86 987 теңгеге дейін, докторанттардың шәкіртақысы 195 000 теңгеге дейін өседі», – деді ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев.
24 қаңтар 2022 ж. 490 0