Ізгі іске мұрындық болды

Туған жер топырағынан түлеп ұшқан қос азамат Нұрмахан Ералиев пен Лесбек Әлмаханов ауылдың көркеюіне үлес қосып, ауылдағы саябаққа 300 түп ағаш отырғызған. Сонымен қатар елдегі елең еткізер кез келген мәселені шешуге белсенділік танытатын Бекзат Жармаханов пен Сәулебек Әуелбеков елді мекендегі «Тораңғылды арық» және «Уалихан» каналын тазалауға демеушілік жасаған.
– Көктем-жаз мезгілінде елді мекенде аяқ су мәселесіне жіті көңіл бөлеміз. Егін егіп, несібесін жерден терген ауыл халқы бір сәтке қиналмауы тиіс. Көп жылдан бері ауылдағы «Тораңғылды арық» және «Уалихан» каналы тазаланбай тұрған еді. Өз кезегінде жанашыр жандар игі іске мұрындық болды. Ауыл әкімшілігінің мамандары әркез тазалау жұмысының басы-қасынан табылды. Көркейту-көгалдандыруға, қаналды қалыпқа келтіруге атсалысқан бірқатар жерлесімізге ел ағалары атынан алғыс айтамын, – дейді Мұхитбек Тәжекеев.
Балтабай ОРДАБЕКОВ