Туған елге қызмет етудің озық үлгісі

«Таза Қазақстан» акциясы аясында аудан орталығындағы «Жалын» тынығу лагеріне гүл, көшеттер, ағаш отырғызды.
Қызылорда облыстық әйелдер кеңесінің төрағасы Райкүл Мансұрқызы, білім саласында ұзақ жылдар қызмет етіп, зейнет демалысына шыққан ардагер ұстаздарымыз К.Абилова, Ұ.Жаналиева елге деген сағыныштарын, ыстық лебіздері мен ризашылықтарын білдірді.
Бүгінгі егілген гүл, тал, шыбықтар ертеңгі күні ауданымыздың келбетіне сән беріп тұратын саялы ағашқа айналып кетуі - төркіндеп келген ардақты қыздарымыздың жасаған жұмысының жемісі болмақ. Біз өз топырағымыздан түлеп ұшқан өнегелі жандарды дәріптесек, бүгінгі жастар осы жандарға қарап бой түзейді. Туған жерді түлетуге атсалысқан қыздарымызға алғыс білдіреміз!!!
Аға буын мен кейінгі ұрпақ сонау ата-бабадан жеткен еңбек дәстүрін осылайша дәріптеп, ұрпақтар сабақтастығын паш етті.