Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Музей саласының майталмандарын қабылдады

Музей саласының майталмандарын қабылдады

Аудан әкімі Берік Сәрменбаев 18 мамыр – халықаралық музейлер күні мерекесіне орай музей саласының майталмандарын қабылдады. Аудан әкімдігінде өткен мерекелік іс-шараға мәдениет саласының ардагерлері, тиісті бөлім, мекеме басшылары және аудандық тарихи-өлкетану музейінің ұжымы қатысты.

Аудан басшысы өңірдің рухани-мәдени дамуы мен тарихын қалып­тас­тыру­да музейдің алатын орны ерекше екенін айтты.

– Музей – бірнеше дәуірдің тарихын, этнографиясын, тарихи тұлғаларын, өнерін жинақы түрде ұрпақтан ұр­пақ­қа жалғайтын бірден-бір институт. Хал­қымыздың сан ғасырлардан тамыр тар­та­тын өткені мен бүгінін, жылдар қойнауын­дағы құндылығы мен тарихын халық арасына, кейінгі ұрпаққа жеткізуде музей қызметінің маңызы зор. Елдің тарихын, мәдениетін және өркениетін айғақ­тауда маңызды рөл атқаратын музей­ді тәрбиелік орын десек те болады. Сон­дықтан да бұл сала қоғам өмірінде ерекше орынға ие, жұртшылыққа ашық болуы керек. Материалдық және рухани мәдениеттің ескерткіштерін жинауда және сақтауда мұражайлар аса зор ғылыми-ағартушылық және біліми-тәрбиелік жұ­мыс­­­тарды жүргізеді. Еліміз егемендік алып, ұлттық мұражай ісі тың талаптар мен жаңа мазмұнға ие болуда. Ауданның қоғам­дық-саяси, рухани-мәдени дамуында сіздердің алатын орындарыңыз ерекше. Түптеп келгенде, ұлтымыздың баға жетпес мәдени мұрасын, ұлы тұлғалардың естен кетпес есте­ліктерін сақтау және көпшілікке таныту – бәріміздің ортақ міндетіміз, – деді аудан әкімі.

Мерекелік қабылдауда сала арда­герлері Алмагүл Бақтиярова, Жәнібек Маханбет, Алмагүл Сақыбекова, Әлия Түлкібаева, Балымкүл Абдрахманова, Нұрмағанбет Қуандықов, Жұмабай Байзақұлы аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Ардагерлер сөз сөйлеп, аудандық музейде еңбек еткен қызметтік жыл­дары мен атқарылған жұмыстар туралы естеліктерімен бөлісті. Кәсіби мере­­кеде құрмет көрсеткен аудан басшы­сына ризашылығын білдіріп, жұмы­сына сәттілік тіледі.
А.ИБРАГИМҰЛЫ
18 мамыр 2024 ж. 198 0