Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Су қоймаларында ахуал тұрақты, сағат сайын мониторинг жүргізіледі

Су қоймаларында ахуал тұрақты, сағат сайын мониторинг жүргізіледі

Су ресурстары және ирригация министрлігінен су қоймаларындағы жағдай мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz.


Ақмола облысында Астана және Сілеті су қоймалары 100%-ға толы. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істеп тұр.

Солтүстік Қазақстан облысындағы 2 ірі су қоймасы 100%-ға толы, өңірде су тасқыны жалғасып жатыр. Сергеев су қоймасы бөгетінің жотасынан судың асу биіктігі 348 сантиметр.

Осы сағатқа Петропавл қаласы шегіндегі Есіл өзенінің деңгейі - 1284 см, бір тәулікте 28 см төмендеді.

Ақтөбе облысындағы екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 97%. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істеп жатыр. Өңірдегі ахуал тұрақты.

Шығыс Қазақстан облысындағы екі ірі су қоймасы бойынша орташа су жинау көрсеткіші 81%.

Абай облысында Шүлбі су қоймасы 67%-ға толды. Өңірде су тасқыны жалғасып жатыр. Шүлбі су қоймасына бүйірлік ағындардың ұлғаюына байланысты табиғатты қорғау мақсатында су жіберіліп жатыр. Ертіс каскадының су қоймалары штаттық кестеге сәйкес жұмыс істеп жатыр.

Батыс Қазақстан облысындағы төрт ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 85%. Олардың барлығы штаттық режимде жұмыс істейді. Ресеймен шекарада Жайық өзенінің деңгейі 899 см.

Қарағанды облысындағы 3 ірі су қоймасы 98%-ға толған. Жағдай тұрақты.

Қостанай облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 92%. Екі нысанның да жұмысы штаттық кестеге сәйкес жүріп жатыр.

Нысандарда тәулік бойы кезекшілік жалғасады, сағат сайын су шаруашылығы жағдайына мониторинг жүргізіледі.
21 сәуір 2024 ж. 178 0