Эпидемиологиялық ахуал тұрақты
2020 жылдан бері коронавирус инфекциясымен Қызылорда облысында 17 902 науқас тіркеліп, 16 867 емделіп шықты.
Бүгінгі күні коронавирус инфекциясымен 56 жағдай (Қызылорда қ. – 24, Қазалы – 2, Қармақшы – 9, Жалағаш – 3, Сырдария – 1, Шиелі – 10, Жаңақорған - 7) тіркелді, 48 науқас (Қызылорда – 23, Арал – 1, Қармақшы – 7, Шиелі – 4, Жаңақорған – 13) емделіп шықты.
2021 жылғы 01 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы
«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Павлодар облысы.
«Сары» аймақта : Шымкент қаласы, Атырау, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары.
«Жасыл» аймақта: Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда облыстары.
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 2 096 жағдай тіркелді.
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 886 982 жетті.
Оның ішінде:
Нұр-Сұлтан қаласында - 284,
Алматы қаласында - 498,
Шымкент қаласында – 79,
Ақмола облысында – 50,
Ақтөбе облысында - 97,
Алматы облысында - 233,
Атырау облысында - 68,
Шығыс Қазақстан облысында - 124,
Жамбыл облысында - 53,
Батыс Қазақстан облысында -57,
Қарағанды облысында - 120,
Қостанай облысында - 108,
Қызылорда облысында - 56,
Маңғыстау облысында - 19,
Павлодар облысында - 130,
Солтүстік Қазақстан облысында - 70,
Түркістан облысында - 50.