Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Атырау облысында өзен арнасын бұру үшін бөгеттерді бұзу жұмысы басталды

Атырау облысында өзен арнасын бұру үшін бөгеттерді бұзу жұмысы басталды

Атырау облысы Жылыой ауданында өзен арнасын бұру үшін Жем өзеніндегі жасанды бөгеттерді бұзу жұмысы басталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.


Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаевтың айтуынша, Жем өзенінен елді мекендерге қауіп төндірмес үшін жасанды бөгеттерді бұзу қолға алынған.

"Жылыой ауданына төнген қауіпті сейілту мақсатында Жем өзенінің сағаларын ашып жатырмыз. Бұл маңда кезінде көптеген шаруа қожалықтары суды жинап алу мақсатында ағыс көзін бітеген. Жасанды бөгеттер тұрғызған. Бұл Жем өзенінің өз арнасымен ағуына ағып кетуіне үлкен кедергі келтіріп отыр. Сол себептен бітелген сағадарды ашу үшін жасанды бөгеттерді бұзу қолға алынды", – деп хабарлады Қайрат Нұртаев.

Сонымен қатар Жылыой ауданында 26 467 тұрғын, оның ішінде 5 976 бала эвакуацияланған. Әкімдіктің мәліметінше, Құлсары қаласында 2810 тұрғын үй мен инфрақұрылымды су басты.

Еске салайық, бұған дейін Ақтөбе қаласының әкімі Азамат Бекет Қарғалы өзенінің деңгейі көтерілуіне байланысты өзен бойындағы бірқатар бау-бақша ұжымдарына қауіп төніп тұрғанын айтқан еді.
07 сәуір 2024 ж. 289 0