Ауыз су жүйелеріне қандай санитарлық талаптар қойылады?
Су –тіршілік нәрі, сусыз біздің күніміз жоқ, оның ішінде ауыз су. Адам денсаулығы ауыз судың сапасына тікелей тәуілді. Ауыз су-органолептикалық қасиеттері (иісі, дәмі, мөлдірлігі, т.б) және химиялық құрамы адам организмі үшін қауіпсіз болып табылатын табиғи су. Осыған байланысты ауыз суға санитарлық эпидемиологиялық талаптар қойылады.
Орталықтандырылған ауыз су бірінші және жоғары санатты болады. Бірінші санатты су краннан алынатын қарапайым тазартылған су, сондай-ақ өндірілген жер үсті сулары. Жоғары санатты су оны ластанудан неғұрлым қорғалған жер асты су көздерінен алады. Мұндай су да қауіпсіз болуы тиіс. Олардың негізгілері: иісі мен дәм көрсеткіші 2 балдан аспауы керек, түсі 200С төмен, лайлығы 2 мг/л ден аз, кермектілігі 7 ммоль болу керек. Орталықтандырылған ауыз суға сондай-ақ нитраттар мен нитридтердің мөлшері, 1 л судағы ішек таяқшаларының саны (коли-индекс) бойынша талаптар қойылады.
Қоғамдық өндірістің жедел дамуы, халық санының тез өсуі, қоғамның тұрмыс жағдайының жақсаруы, халықтың, мәдени деңгейінің өсуі, осының бәрі судың қажеттілігің өсіреді. Ішетін су барлық санитарлық тазалық сақтау талабына сай болған жағдайда ғана қызметін орындай алады. Тазалығы жағынан су мөлдір, иісі, дәмі жоқ болып, ең бастысы, құрамында ағза үшін зиянды химиялық заттар және ауру туғызатын микробтар болмауы тиіс. Орталықтандырылған ауыз су сапасының көрсеткіштерін санитарлық талап бойынша ұстаудың бірден бір себебі ол, су жүйесінің санитарлық-техникалық жағдайын жақсарту, суды тазарту, залалсыздандыру және өндеудің арнайы әдістерін қолдану, кездескен ақауларды дер кезінде жою болып табылады.
Су дегеніміз-өмір табиғаты, судың орнын ауыстыратын зат жоқ.