Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 49 газет

05 шілде 2025 ж.

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Қазақстанда мемлекеттік қызметке іріктеу ережесі өзгерді

Қазақстанда мемлекеттік қызметке іріктеу ережесі өзгерді

Енді «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қызметкерлер жаңа ережемен қабылданады, деп хабарлайды Кazinform. 

Өзгерістер Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 22 шілдедегі №74 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі туралы ереженің 15-тармағының 20-1 және 44-9 тармақшаларына сәйкес енгізілген.

Президент Жарлығы негізінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бұйрығы шықты.

«Бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қызметіне қабылдау конкурсы мен мемлекеттік қызмет үміткерлеріне қойылатын біліктілік талаптарының қағидасы бекітілсін. Бұйрық заңнамада белгіленген тәртіппен Әділет министрлігінде тіркелсін», - делінген ресми құжатта.

Бұйрықтың орындалу барысын агенттік төрағасының мемлекеттік қызмет мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары қадағалайды.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдар қағидасымен сілтеме арқылы танысуға болады. 

Фото: Tengrinews.kz
18 қаңтар 2024 ж. 202 0