Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда енді малын қараусыз қалдырғандарға айыппұл салынады

Қазақстанда енді малын қараусыз қалдырғандарға айыппұл салынады

Елімізде төрт түлік иелеріне жаңа шектеу енгізілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жаңа талапқа сәйкес, ірі қара мен ұсақ малды далада бақылаусыз қалдырғандар енді айыппұл арқалайды. Ішкі істер министрлігі бұл ереже мал ұрлығын тыюға септігін тигізетініне сенімді.

Қазақстанда жалпы қылмыстың 3%-ы – мал ұрлығы. Ұрылар көбіне қараусыз жайылып жүрген малдарды басып әкетеді екен. Статистикаға сүйенсек, өткен жылы болған мал ұрлығының 90%-ы қараусыз қалдырғаннан болған. Шаруалар шығынға батпас үшін жауапты ведомство әкімдікпен бірлесіп, малды жаю ережелерін бекітті.

Енді жылқы, сиыр мен қой-ешкісін бақылаусыз қалдырғандар 10 мың теңгеден 40 мың теңгеге дейін айыппұл төлеп, әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Жалпы, мал ұрлығы үшін 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
17 қаңтар 2024 ж. 212 0