Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 газет

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жылу маусымына дайындық қалай?

Жылу маусымына дайындық қалай?

Жадыраған жаз өтіп, күздің салқын ызғарының соққанына да бір ай болды. Енді бірнеше күннен кейін жылыту маусымы бас­талады. осыған орай аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ержан Бахтияровтан жылу маусымына дайындық барысы туралы білген болатынбыз.
Жылу беру маусымына дайындық жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі аудандық штаб құрылып, тиісті іс-шаралар бекітілген. Жалпы, ауданда 80 әлеуметтік нысан болса, оның 46-ы сұйық отынмен, 34-і қатты отынмен жылытылады. Бүгінгі күнде 1057 тонна қатты және 305 мың литр сұйық отын қоры бар.
Айта кету керек, жылыту маусымына жауапты бөлім аудан әкі­мі аппаратының мамандарымен бір­лесе ауылдық елді мекендердің қазандықтарына тексеру жүргізген. Нәти­жесінде, Іңкәрдария ауылдық мәдениет үйі қазандығының қосым­ша (резервтік) қыздырғышы және Шаған ауылдық «Алтын сақа» бала­бақшасының резервтік су насосының ақаулығы анықталған. Аталған кем­шілік сала мамандарының ескертуінен кейін аз уақытта ретке келтіріліп, қыздырғыш пен су насосы қайта орнатылған. Сонымен қатар, тексеру кезінде Аманкелді ауылындағы №42 мектеп-лицейінің резерв­тік қазандығының тозығы жеткендігі, сондықтан алдағы уақытта қосымша резервтік жаңа қазандық орнату қажеттігі ұсынылған.
Бөлім басшысы берген мәлімет бойынша жылу беру маусымына дайындық паспортын осы жылдың 1 қазанына дейін алу қажет­. Аудан әкімінің салалық орын­басары тарапынан арнайы ескертпе хат жолданған. Жылыту маусымына қатысты мәселелер де жоқ емес.
– Аудандық орта­лық аурухана бойынша ішкі жылыту және ауыз су құбыры жүйесін күрделі жөндеуге 132,4 млн теңге бөлініп, мердігер мекемемен құрылыс монтаж жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күнге жылу жүйелерінің барлығы жаңаланса, ауыз су жүйелерін ауыстыру жұмыстарының 70 пайызы орындалды. Сондай-ақ, аурухана қазандық­тарының және қазандық орналасқан ғимараттың тозығы жетуіне байланысты құны 62,5 млн теңге болатын жоба-сметалық құжаттама әзірленіп, облыстық ден­саулық сақтау басқармасына ұсынылды. Бұл жұмыстар аудан әкімінің тікелей назарында, – дейді Е.Бахтияров.
Жылу маусымы бойынша та­ғы бір тоқтала кететін жайт, аудан көлемінде негізгі үш көмір тасымалдаумен айналысатын кәсіпкерлер бар. Олармен жылу мау­­сымында тұр­ғындарға қажетті 20,0 мың тонна көмір жеткізуге және тиімді бағамен сатуға меморандум жасалған.
Бүгінгі күнге кентке темір жол арқылы 2139 тонна көмір жеткізілген және қосымша 18 вагонмен 1276 тонна көмір жолға шыққан. Қазіргі кезде кентте «Углесбыт» серіктестігінің қоймасында 450 тонна «Шұбаркүл» көмірі 15 000 теңгеден сатылуда және тұрғындар арасында көмір жетіспеушілігі жоқ.


Бибісара Жанәлі
29 қыркүйек 2020 ж. 596 0