Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қоғамдық кеңесінің кезектен тыс отырысы өтті

Қоғамдық кеңесінің кезектен тыс отырысы өтті

Бүгін М.Еспенбетовтың төрағалығымен Қоғамдық кеңесінің кезектен тыс отырысы өтті. Кеңес отырысына "ZOOM" бейне байланыс арқылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Н.Сүлейменов қосылды.

Қоғамдық кеңесінің күн тәртібіне сәйкес қаралған мәселелер;

1) "2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" Сырдария аудандық мәслихатының 2022 жылғы 20 желтоқсандағы №175 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Сырдария аудандық мәслихатының шешім жобасы мен Сырдария ауданы әкімдігі қаулысының жобасын талқылау.

2) Аудан әкімі аппараты мен Тереңөзек кенті әкімі аппараты бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету саласына қатысты мәселелерді талқылау.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Сырдария аудандық экономика және қаржы бөлімінің сектор меңгерушісі А.Есмағанбетова баяндама жасады.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Аудан әкімі аппаратының цифрландыру және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мониторингі бөлімінің басшысы Беймбетов Ержан Бақытұлы мен Кент әкімі аппаратының жетекші маманы А.Жүнісахметова баяндама жасады.

Хабарламашыларға кеңес мүшелерінің тарапынан қойылған сұрақтарына жауап алынып тиісті ұсыныстар айтылды.
14 желтоқсан 2023 ж. 200 0