Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті

Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті

Сырдария аудандық Қоғамдық кеңесінің төрағасы М.Еспенбетовтың төрағалығымен Қоғамдық кеңестің кезекті жиыны өткізілді. Жылдық жоспарға сәйкес ұйымдастырылған жиынға Қоғамдық кеңес мүшелерінен бөлек тиісті сала басшылары қатысты.

Жиналыстың күн тәртібіндегі бірінші және екінші мәселелер бойынша, атап айтқанда: «Сырдария ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» Сырдария аудандық мәслихатының 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 108 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешім жобасы мен «Көпбалалы отбасыларға берілетін әлеуметтік көмек жұмыстарының сапасы, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмыспен қамту және «Инва такси» қызметін ұйымдастыру жұмыстары» туралы Сырдария аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлім басшысының баяндамасы тыңдалды. Баяндамашыға Қоғамдық кеңес мүшелерінің тарапынан қойылған сұрақтара жауап алынып, тиісті айтылған ұсыныстар енгізілді.

Күн тәртібіндегі үшінші мәселе «Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған қайтарымсыз гранттар бөлу жұмыстарының жүргізілу барысы туралы» Сырдария аудандық Мансап орталығының директоры Еркебұлан Дәутбекұлы баяндама жасады. Баяндамашыға Қоғамдық кеңес мүшелерінің тарапынан қойылған сұрақтарға жауап алынып, тиісті айтылған ұсыныстар енгізілді.

Күн тәртібіндегі төртінші мәселе «Мемлекеттік тіл мәртебесін арттыру, тиісті заңнама талаптарының сақталуын зерделеу» туралы Сырдария аудандық мәдениет және спорт бөлім басшысының міндетін атқарушысы Ж.Төралиевтің баяндамасы тыңдалып, Қоғамдық кеңес мүшелерінің тарапынан қойылған сұрақтарға жауап алынып, тиісті айтылған ұсыныстар енгізілді.
29 тамыз 2023 ж. 119 0