Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудандық газетті әлем халқы оқиды

Аудандық газетті әлем халқы оқиды

Біздің аудандық газетті тіпті әлем халқы оқиды. Қалай дейсіз бе?

Иә, шетелдік оқырман аудандық газетке арнайы жазылып, әр нөмерін жібермей оқып жүрмегені белгілі. Бірақ біз қандай сапарға шықсақ та, төл газетке жолсөмкенің бір бұрышынан міндетті түрде орын беретініміз бар.

Оқырман назарына ұсынып отырған фотосуреттер де осындай бір сапар барысында түсірілген сәтті кадр.
Негізінен шетелдіктердің газет-журналға деген қызығушылығы мен құрметі ерекше. Әдетте, белгілі киноларда, көзі ашық, көкірегі ояу, танымал, бай адамдар таңды кофе және сол күнгі газеттерден бастайтын кадрлар жиі көрініс алады. Осы ретте өзге ұлт өкілдеріне аудандық газетті көрсеткенімізде, дизайн мен басылымның ерекшелігіне қызығушылық танытып, үлкен ынтамен танысқанын айта кеткіміз келеді.

«Газеттің өзі бір күндік, сөзі мың күндік» демекші, маңдай тердің нәтижесін сапалы газеттен көріп, оқырманның оң пікірін алу тілшілер қауымы үшін шынайы бақыт. Төл басылымды ауданның шалғайда жүрген түлектері де сұрап, арнайы алдырып жатады. Сондықтан тілшілер алыс-жақын сапарын жоспарлауды газеттің бірнеше нөмерін жинақтаудан бас­тайды десек, артық айтқандық емес.

«Тт» ақпарат


12 желтоқсан 2023 ж. 162 0