Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Алғыс айтамыз

Алғыс айтамыз

Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты, Сыр­­дария ауданы­ның Құрметті азаматы Бақдәулет Мақашев 60 ардагердің мекен жайына ау­дандық газетті демеу­шілікпен жаздыр­тып берді. Бұл ардақты азаматтың сыр­дариялық ардагерлерге деген құрметі екені анық.

Сыр жұртшылығы «Жан-Арай» серіктестігінің директоры Бақдәулет Еркінбекұлының жо­март­тығына, мәрт­тігіне, азаматтығына қанық екені белгілі. Талайға ша­­па­ғаты тиген азамат Сырдария ауда­нының әлеуметтік-эконо­микалық дамуына да еңбек сіңіріп келеді. Бірер жыл бұрын пан­демия ке­зеңін­де аудандық ауру­ханаға от­тегі баллондарын алып беріп, мұқ­таж отбасыларға көмегін үлес­тірді. Сондықтан ел алғы­сын арқа­лаған азаматқа «Сыр­дария ауданы­ның Құрметті аза­маты» атағы­ның берілуі адал ең­­бекке берілген лайықты баға деп білеміз.

– Сыр өңірінің дамуына­ қолымыздан келгенше өз үлесімізді қосып келе­міз. Кәсіпкерлік саласында еңбек етіп, ха­лықты жұмыспен қамтып, тапқан-таян­ғанымызды көпшілікпен бөлісудеміз. Әрине, меценат атану – мақсат емес. Бұл – біздің азаматтық парызымыз. Оның үстіне халық қалаулысы болған соң әлеуметтік жауапкершілікті терең сезінеміз. Лайым, елімізде мұқтаж от­ба­сылардың саны азайып, халықтың әлеу­меттік жағдайы арта берсін. Ал аудан­дық газеттен жаңалықтарды оқып, ат­­қарылып жатқан жұмыстармен танысуы үшін сырдариялық 60 ардагердің мекен жайына 2024 жылдың бірінші жартыжылдығына басылымды жаздыртып беруіміз – ардагерлерге деген құрметіміз, ықыласымыз. Бұл жұмыс дәстүрге айналды десек те болады және жалғастыра беретініміз анық, – дейді кәсіпкерліктің көшін өрге сүйреп келе жатқан іскер азамат.

Облыстық мәслихат депутатының аудандық газет таралымының артуына көрсеткен қолдауын «Тіршілік тынысы» газеті редакциясы жанындағы бастауыш ардагерлер ұйымының төр­ағасы, Қазақстан Журналис­тер одағы­ның мүшесі Мүсілім Қалмұратұлы жоғары бағалап, өз алғысын білдірді.

– 2019 жылдан бастап арда­герлердің мекен жайына демеушілікпен тегін газет жаз­дыртып беру жұмыстары қолға алынып, нақты жұмыстар жүргізілуде. Редактордың ұсы­­нысына қолдау білдірген кәсіпкер азаматтардың қолдауымен біздің де мекен жайымызға аудандық газет те­гін келіп жатыр. Бұл бастамаға соңғы бес жылда Бақ­дәулет Еркінбекұлы қол­дау көрсет­іп келеді. Биыл да сол жұмыс жал­ғасын тапты. Сондықтан кәсіп­кердің жұ­мысына жеміс тілейміз. Ол ауданның Құрметті азаматы деген атқа лайықты іс жасап, өзге азаматтарға үлгі-өнеге көрсетуде, – дейді аудандық газет редак­циясы жанындағы бастауыш ардагер­лер ұйымының төрағасы Мүсілім Қалмұ­рат­ұлы.

Жанашыр азаматтың редакцияға, ау­дандық газетке деген қолдауын, қазақ баспасөзіне қолдауы деп түсініп, Б.Мақашевқа редакция ұжы­мы мен қаламгерлердің атынан зор денсаулық, абырой-амандық тілеп, біз де шынайы алғы­сы­мызды білдіреміз.

Ақтөре ИБРАГИМҰЛЫ
05 желтоқсан 2023 ж. 203 0