Күмәнді деп танылған 69 сілтеме бұғатталды

-Өзіндік бірегей қарсы насихат контенттерін әзірлеу, жастарды рухани-танымдық бағытта ақпараттандыру мақсатында дін мәселелерін зерттеу орталығынан 2023 жылғы наурыз айында «Onai» подкаст жобасы, қазан айында «Shyraq» каналында «БАҒА LIKE» бағдарламасы және «Кезекті сұқбат» рубрикасы іске қосылды. Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг нәтижесімен күмәнді деп танылған 102 сілтеме дінтану сараптамасына жолданып, 50 сілтемеге «теріс» қорытынды берілді. «Киберқадағалау» ақпараттық жүйесіне күмәнді 381 сілтеме енгізіліп, 69-ы бұғатталды. «Контр» қарсы насихаттық порталына 163 материал салынып, 135-і мақұлданды, - деді Дінмұхамед Жандарбекұлы.
Айта кету керек, Қызылорда қаласы және аудан әкімдіктерімен әлеуметтік желілерде 952 материал жарияланды. Сондай-ақ, діни кітаптарға тұрақты түрде мониторингжұмыстары жүргізіліп тұрады.
Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі