Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 71 газет

07 қыркүйек 2024 ж.

№ 70 газет

03 қыркүйек 2024 ж.

№ 69 газет

30 тамыз 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » «Үздік ауыл» атанды

«Үздік ауыл» атанды

Сүйінші, оқырман! Берекесі тасыған Бесарық ауылы облыс көлемінде «Үздік ауыл» атанды. Қуанышты жаңалықты аудан айнасына айналған басылым арқылы хабарлауды жөн санадық.

Облыс көлемінде үлгілі аудан орталығы мен үлгілі ауылды анықтау мақсатында байқау ұйымдастырылған. Байқаудың басты талабы – елді мекенде адам өмірі мен денсаулығы үшін қолайлы қоршаған ортаның қалыптасуы. Сонымен қатар тазалық, көркейту көгалдандыру жұмыстарының тұрақты жүргізіліп, елді мекеннің лайықты даму көкжиегі басты назарға алынған.

Осы ретте Бесарық ауылының келбеті күн санап көз тартып, дамудың даңғыл жолына көшіп келе жатқанын айтқанымыз орынды. Ауылдық округтің қазір екі жарым мыңға жуық тұрғыны бар. Ауыл тұрғындарына берекелі, құтты мекен болған ауыл экономикасының негізі – ауылшаруашылығы саласы болып табылады. Айта кетейік, ауылдағы тазалық жұмыстарына «Абай-Дәулет» ЖШС-нен арнайы техника бөлінген. Күнделікті тазалық жұмыстары тұрақты жүргізіліп, сонымен қатар ауыл тұрғындары мезгілдік сенбіліктерде ауызбіршіліктің жарқын үлгісін көрсетеді.

Облыстық «Үздік елді мекен» байқауының жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау мен сыйлықтарды табыстау рәсімі алдағы күндерге жоспарлануда. Бұл туралы газетіміздің келесі нөмерлерінде кеңінен ақпараттандырамыз.

А.МҰХАНБЕТҚАЛИ
25 қараша 2023 ж. 334 0