Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ауданда «Қыс-2023» республикалық командалық - штабтық оқу-жаттығуы өткізілді

Ауданда «Қыс-2023» республикалық командалық - штабтық оқу-жаттығуы өткізілді

Ауданда төтенше жағдайда жұмыла жұмыс істеуі тиіс қызмет түрлерінің дайындықтары пысықталды.

«Қыс – 2023» республикалық командалық-штабтық оқу жаттығуы кезінде шартты түрдегі оқыс оқиғалар әзірленіп, құтқарушылар, полиция бөлімі, жедел жәрдем, коммуналдық қызмет түрлері дабылмен көтерілді.

Оқу-жаттығу тақырыбы: «Қысқы кезеңдегі жағдайларда төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-қимылдарға Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін дайындау».

Оқу-жаттығудың бірінші кезеңінде азаматтық қорғау қызметтерінің саптық қарауы өткізіліп, 30 техника, 89 адам қатыстырылды. Оқу-жаттығудың екінші кезеңінде №36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицейінің "Бу қазандығы жарылды" шартты белгісі беріліп, шұғыл әрекет ету жасағы жұмылдырылды.

Аудан әкімінің орынбасары Р.Еспенбетов, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Қ.Шарафадинов жеке құрамның материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін және жауынгерлік дайындығын тексерді.
24 қараша 2023 ж. 409 0