Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » "Жол жүрісі қауіпсіздігі апталығы" атты акциясы өтуде

"Жол жүрісі қауіпсіздігі апталығы" атты акциясы өтуде

Дүниежүзі бойынша қараша айының үшінші жексенбісі жыл сайын жол-көлік құрбандарын еске алудың Дүниежүзілік күні болып табылады. Осыған орай, 13-17 қараша арлығында мүдделі мемлекеттік органдермен, азаматтық қоғам институттары және БАҚ өкілдерімен бірлесіп, республика көлемінде «Жол жүрісі қауіпсіздігі апталығы» атты кең көлемде акциясы өтуде.

Акцияның негізгі мақсаты – жолдарда қаза болу, жарақат алудың жантүршігерлік ауқымына және барлық жол қозғалысы қатысушыларының ықтимал қауіп-қатеріне назар аудару.

Осы ретте, аудандық полиция қызметкерлері акция аясында жүргізушілерге түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.

– Жол-көлік оқиғаларының негізгі себептеріне бірінші кезекте – жүргізушілердің жол ережесін бұзуы, оның ішінде жол қозғалысына қатысушылардың жаяу жүргіншілер өткелінен өту талаптарын сақтамауы жатады. Сондай-ақ, жылдамдық ережесі мен басып озу тәртібін сақтамауы және қарама-қарсы бағытқа шығып кетуі салдары адам өміріне қауіп төндіруде. Сондықтан жол ережесін қатаң сақтау керек, – дейді аудандық ЖПҚ ППт қызмет инспекторы полиция аға лейтенанты Олжас Доспанов.

Фото: ашық дереккөзден
13 қараша 2023 ж. 352 0