Сыр имамдары бас мүфтидің бастамаларын қолдады
Бас мүфти Серікбай қажы Ораз еліміздің өкіл имамдарымен өткізілген жиында төмендегідей тапсырмаларды нақтылап, бірқатар жаңа бастамалармен бөліскен болатын.
Білікті һәм білімді дін қызметкерлерінің корпусын қалыптастыру.•Жастарға нақты, дәлелді діни ақпарат жеткізу. Яғни, жастардың жат ағымның жетегінде кетуіне жол бермеу, діни сауаттылықты арттыру.•Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын насихаттау. Ел жастарына үлгі боларлық салт-дәстүрлерді дәріптеу.•Аймақтағы діни ахуалдың тұрақтылығын нығайтуға үлес қосу.
Осы және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз қарым-қатынас орнату, шәкірттер санын көбейту, имамдардың біліктілігін арттыру секілді тапсырмалар нақтыланып, имамдарға таныстырылды.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі Т.Омаров қала және аудан имамдарымен өткізген жиналыста осы мәселелерді кеңінен қозғап тапсырмаларды жеткізді. Өз кезегінде Сыр имамдары Бас мүфтидің бастамаларын қолдап, еңбек етуге дайын екендіктерін жеткізді.
Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»
мешітінің баспасөз қызметі