Бұдан былай МӘМС төлемейтіндер медициналық қызметтерден шеттетілуі мүмкін
Елімізде алдағы уақытта МӘМС төлемейтіндерге медициналық қызметтер алу кезінде шектеулер қойылуы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев мәлімдеді.
Айтуынша, медициналық сақтандыру төлемеген азаматтарға бірқатар шектеу енгізу жоспарланып отыр.
Айтуынша, медициналық сақтандыру төлемеген азаматтарға бірқатар шектеу енгізу жоспарланып отыр.
Бұл тек ұсыныс ретінде жасалды. Ұсыныстар мемлекеттік органдарда, қоғамда, Парламентте талқыланады. Атап айтқанда, бұл шектеулер халықаралық тәжірибе аясында зерттелді. Германия, Нидерланд, Ресей сияқты елдерде бұл тұрғыда тиісті шектеулер қарастырылған. Сондықтан аталған елдерде азаматтардың жауапкершілігі ескерілген, оның ішінде айппұлдар да қарастырылған. Егер адамдар сақтандыру жүйесіне қосылмаса, әлем елдерінде қандай да бір қызметтерді алуға шектеу жасау тәжірибесі бар. Соның арасында жүргізуші куәлігіне қатысты мемлекеттік қызметтерді алмайды. Бізде көлік жүргізу, қару-жарақ сақтау сынды бағыттарда осындай шектеулер талқыланып жатыр. Яғни денсаулық саласы бойынша тікелей мемлекеттік қызметтер ескерілген, - деп атап өтті вице-министр Сенаттың отырысынан кейін кулуарда тілшілерге берген сұхбатында.
Түрлі медициналық қызметтер бар, оның ішінде дәрігерге жазылу, белгілі бір медициналық анықталамаларды алуға шектеулер болуы мүмкін. Жалпы, осы салада бірқатар анықталамалар беріледі. Талқылау нәтижесі бойынша олар жайында қосымша хабарлап айтамыз, - деді Тимур Сұлтанғазиев.