Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Күріш орағы қарқынды жүруде

Күріш орағы қарқынды жүруде

Биылғы жылы Сырдария ауданында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері 36043 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастырды.

Оның ішінде негізгі дақыл – күріштің көлемі 23811 гектар, жаздық бидай 1723 гектар, арпа 15 гектар, мақсары 180 гектар, күнбағыс 100 гектар, жаңа жоңышқа 1846 гектар, ескі жоңышқа 7200 гектар, және картоп, көкөніс, бақша 1168 гектарды, көкөніс – 240 га, бақша – 420 га құрайды.

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тұрғындардың өзін-өзі әлеуметтік маңызы бар картоп, көкөніс, бақша өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында шаруашылық құрылымдары тарапынан ауыл тұрғындары үшін егіс алқаптарынан 359 гектар қосымша жерлер ашылып, 1105 отбасыға бөлініп берілді.

Биылғы жылдың егісіне 6788 тонна күріш тұқымы себілді.

Шаруашылық құрылымдары жоңышқа дақылының 5819 гектарынан (ІІ – орымынан) 15810 тонна мал азықтық шөп жиналып, орта өнімі 27,2 центнерден келді. Биылғы егілген жаңа жоңышқадан 1628 тонна шөп жиналып, барлығы 17438 тонна мал азықтық шөп жиналды.

Егілген 1723 гектар бидайдан 12788 центнер өнім алынып, орта өнімі гектарына 7,4 центнерден, 15 гектар арпадан 165 центнер өнім алынып, орта өнімі гектарына 11,0 центнерден, 180 гектар мақсарыдан 900 центнер өнім алынып, орта өнімі гектарына 5,0 центнерден келді.

Бүгінгі таңда аудан бойынша егілген негізгі дақыл күрішті ору, бастыру жұмыстары қарқынды жүруде. Күріш дақылының 20870 гектары (87,6%) орылып, 17420 гектары (73,2%) бастырылып, 96681 тонна астық жиналып, орта өнімі әр гектарына 55,5 центнерден келуде.
10 қазан 2023 ж. 213 0