Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 23 газет

23 наурыз 2026 ж.

№ 20 газет

17 наурыз 2026 ж.

№ 19 газет

14 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қазақстан Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсетеді

Қазақстан Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсетеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсетеді. Аталған мәселе Үкіметтік комиссияның отырысында талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлағандай, азық-түлік тауарлары, шатырлар, дәрі-дәрмектер, киім-кешек және басқа да қажетті заттардан тұратын гуманитарлық көмек тақау күндері әуе және теміржол көлігімен жөнелтілетін болады.

Сонымен қоса Ауғанстанға үйінділер астында қалған адамдарды құтқару үшін ТЖМ құтқарушылары, соның ішінде кинолог мамандар жіберілмек.

Қазақстан 7 қазанда Герат провинциясында болған жойқын жер сілкіністерінің салдарын жою мақсатында Ауғанстанға қолдау көрсетеді.

Фото: primeminister.kz
09 қазан 2023 ж. 383 0