Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 23 газет

23 наурыз 2026 ж.

№ 20 газет

17 наурыз 2026 ж.

№ 19 газет

14 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қазақстан Сирияға 50 тонна гуманитарлық көмек жібереді

Қазақстан Сирияға 50 тонна гуманитарлық көмек жібереді

Қазақстан жойқын жер сілкіністерінен зардап шеккен Сирияға 50 тонна гуманитарлық көмек жібереді, деп хабарлайды Stan.kz 


9 ақпан бейсенбіде премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен өткен Халықаралық гуманитарлық көмек мәселелері жөніндегі комиссияның отырысында Сирияға көмек беру туралы шешім қабылданды.

"Мемлекеттік материалдық резервтен консервілер, жылы киім, қысқы шатырлар, кереуеттер мен төсек-орын жабдықтары бөлінеді. Ол Ислам ынтымақтастығы ұйымының желісі бойынша Алеппо қаласына төрт әуе рейсімен жіберіледі", – делінген хабарламада.

Үкімет басшысының баспасөз қызметі Сирияға гуманитарлық көмек көрсету туралы тапсырманы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бергенін атап өтті.

Осыған дейін Сирияға гуманитарлық көмек берілетіні хабарланды.
10 ақпан 2023 ж. 512 0