Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Үндістанға гуманитарлық көмек көрсетіледі

Үндістанға гуманитарлық көмек көрсетіледі

Қазақстан Үндістанға гуманитарлық көмек көрсетеді. Бұл туралы бүгін Мемлекет басшысының Премьер-Министр Асқар Маминмен кездесуі барысында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Президентінің Баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парқшасында Үндістандағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың күрт нашарлауына байланысты Мемлекет басшысы Үкіметке аталған елге 6 миллион медициналық маска, 400 мың респиратор, 50 мың обаға қарсы арнайы киім және елімізде өндірілген 105 жасанды жолмен дем беру аппараттарын гуманитарлық көмек ретінде жіберуді тапсырғанын жазды.
08 мамыр 2021 ж. 597 0