Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Профилактикалық жұмысты жандандыруды тапсырды

Профилактикалық жұмысты жандандыруды тапсырды

Аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомство­аралық комиссия отырысы өтті. Аудан әкімінің орынбасары Д.Байдушев төрағалық еткен комиссияға аудандық прокуратураның, полиция бөлімінің өкілдері мен бөлім, мекеме басшылары қатысты.

Аудан әкімінің орынбасары қылмыстардың алдын-алу, қоғамдық тәртіпті сақтау комиссия мүшелерінің ғана емес, атқарушы, өкілді, қадағалаушы органдардың ортақ міндеті екенін айтты. Бұл бағытта ауданда тиісті жұмыстар ат­қарылып жатқанына қара­мас­тан қылмыстардың кей­бір са­наттары бойынша өсім бай­қалып тұрғанын жеткізді.

– Аймақ басшысы жақында облыс әкімдігі жанындағы ведомствоаралық комиссия оты­рысында бірқатар тапсырма берді. Сол тапсырмаларды орындау үшін нақты шаралар қа­былдау қажеттігі туындауда. Сон­дықтан бүгінгі комиссия отыры­сының күн тәртібінде бірнеше мәселе қаралады. Оның біріншісі алаяқтық, оның ішінде интернет алаяқтыққа арналса, екінші бұрын сотты болғандарды, оның ішінде пробациялық бақылау есебінде тұратын азаматтарды жұмыспен қамту және оларға әлеуметтік көмек көрсету бойынша атқарылған шаралардың нәтижесін талқылаймыз. Сонымен қатар жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік апаттарының себебі мен жүргізілген талдау жұмыстарының қорытындысын да комиссия мүшелерімен бірге пысықтап, алдағы жоспарымызды айқындаймыз, – деді Д.Серікбайұлы.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы А.Оспанов баяндама жасады.

– Интернет пен цифрлы техно­­­логиялардың кеңінен таралуы жаһандану құрылымын ғана емес, қылмыс әлемінің сипатын, соның ішінде қылмыс түрін түбегейлі өзгертті. Қазір бәріміздің өмірімізде цифрлы технология­­лар маңызды рөл атқарады. Әлеуметтік желілер мен түрлі интернет платформалар тек ақпарат алмасу тетігі болып қана қоймай, сауда-саттықтың негізгі алаңына айналды. Осы ретте ақпараттық технологиялар мен интернеттің мүмкіндіктерін мықты меңгерген алаяқтардың құрығы ұзарып, күн сайын мың құбылған алдап-арбау тәсілдеріне тыйым болмауда.

2022 жылы аудан көлемінде 3 алаяқтық қылмысы тіркелсе, биылғы жылдың 8 айында бұл көрсеткіш 8 дерекке өсім алып отыр. Тергеу амалдары өз нәтижесін бермеуде. Интернет-алаяқтардың алаяқ­тардан айыр­ма­шылығы, оларды анықтап жауапкершілікке тарту әлдеқайда қиындығында. Себебі олардың кім екені, қайда екені белгісіз, шет елдерде жұмыс істейтін қылмыскерлерді табу тіпті қиын. Алаяқтық қылмыстарының алдын алу мақсатында аудан көлемінде орналасқан 84 дүкен, 2 ломбарт, 2 банк, 1 микро зайым беру орталығы, 6 мемлекеттік мекеме, 5 дәмхана, 3 дәріханаларға және халық көп шоғырланатын орындарға жадынамалар ілінді. Осының барлығын анықтау жұмыстары, ұзақ уақытқа созылатын тергеу амалдарын талап етеді. Тұрғындарға жеке куәлік деректерін, төлем карта­ларының мәліметтерін, құпия сөз­дерді және смс кодтарды ешкімге хабарламау, бел­гі­сіз әрі тексерілмеген сайттар мен күмәнді сілтемелер ар­қы­лы төлем жүргізбеу, ұялы телефон мен компьютерге бел­гісіз қосымшаларды орнатпау қа­жет­тігін ескертеміз, – деді А.Оспанов.

Аудан әкімінің орынбасары қылмыс ашылмады екен деп қарап отыруға болмайтынын ескертіп, полицияның құзіреті шегінде тергеу амалдарын жандандыруды тап­сырды. Сондай-ақ түсіндірме жұмыстарын жүргізуге мән беру қажеттігін ескертті.

Екінші мәселе бойынша аудандық пробация қызметінің аға инспекторы Н.Дүйсенбаев пен аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлі­мінің басшысы М.Қаратаев хабарлама жасады. Хабарламашылар пробация қызметінде есепте тұратын азаматтар бақылауға алынғанын айтып, оларды әлеуметтендіру іс-шаралары жүргізіліп жатқанын жеткізді. Оның ішінде қоғамдық жұмысқа тарту, спорттық-мәдени іс-шараларға қатыстырту, қайырымдылық көмектер үлестіру секілді бағыттар бар. Аудан әкімінің орынбасары бұрын сотты болғандардың қайта қылмыс жасауының алдын алу үшін жан-жақты жұмыстар жүргізілу керектігін айтты. Бұл ретте ұсынылған жұмыстан бас тартып, басқа қызмет атқарып немесе жұмыссыз жүрген азаматтарға қатысты шынайы талдау жұмыстарын жүргізуді, нәтижесін аудан әкімі аппаратына баяндауды тапсырды.

– Таяуда ғана Түркістан облысының, Сарыағаш ауданында жантүршігерлік оқиға орын алып, қоғамда резонанс туды. Бұл оқиға барлығымызға сабақ болуы тиіс. Пробация есебіндегі азаматтардың мінез-құлқын, өмір салтын, әлеуметтік жағдайын зерделеп, ауытқушылықтардың негізінде құқық бұзушылық жасау тәуекелін бағалап, осы бағытта әрекет жасау – профилактиканың негізгі және тиімді бағыты. Әсіресе, құзырлы органдар үшін екі есе жауапкершілікті күшейту қажет. Бұл аймақ басшысының тікелей бақылауында тұрған мәселе, – деді аудан әкімінің орынбасары.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, биылғы жылдың 8 айында ауданда жол-көлік оқиғалары 28,6 пайызға, жарақат алғандар 35 пайызға өскен. Бұл алаңдатарлық жағдай. Сондықтан комиссияның күн тәртібіндегі үшінші мәселе жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік апаттарының се­бебі мен жүргізілген талдау жұ­мыстарының қорытындысы жө­нінде өрбіді. Аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін ат­қарушы А.Оспановтың баяндамасы тыңдалды.

– Жол қозғалысы ережесін бұзғандарға қатысты 1225 әкімшілік құқық бұзушылық шара көріліп, 5 млн теңгеден астам айыппұл салынып, оның 90 пайызы өндірілді. Әр іске жеке-жеке талдау жұмысы жүргізілді. Көлік апаты болуы мүмкін тұстар бақылауға алынып, жұмыс күшейтілді. Жол-кө­лік оқиғаларының алдын алу про­филактикасы бойынша «Қа­уіпсіз жол», «Автобус», «Құ­қық тәртібі», «Автомобиль» ар­­найы іс-шаралары өткізілуде. Жыл басынан бері мас күйінде кө­лік құралдарын басқарған 21 жүргізуші анықталып, барлығына да аудандық сот арқылы қатаң ша­ралар қабылданды. Тереңөзек кентінде 14 бейнебақылау каме­раларының көмегімен жол ережесін бұзудың 53 дере­гі анықталды. Сондай-ақ аудан­дық кірістер бөлімімен бірлесіп, заңсыз жолаушыларды тасымалдаумен айналысатын 4 жүргізуші анық­талып, жауапкершілікке тартылды. Біз бұл бағыттағы жұмыстарды күнделікті жүргізудеміз. Автокөлік жүргізушілеріне жол-қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертеміз, – деді А.Оспанов.

Аудан әкімінің орынбасары істен шыққан бейне­бақылау камера­ларын жөн­деуді тез арада шешуді тапсырды. Сондай-ақ жол-көлік оқи­­ғаларының алдын алу ба­ғытында патрульдік полиция бекеттерінің жұмыс тиімділігі арт­тыруды міндеттеді. Аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруа­шылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне кент, ауыл әкімдерімен және аудандық полиция бөлімімен бірлесіп, кентішілік және ауданаралық бағытта жолау­­шыларды тасымалдаумен айналы­сатын азаматтарды бақылауға алу бағытында рейдтік іс-шаралар ұйымдастыру қажеттігін ескертті.

А.ИбрагимұлыАудан әкімінің орынбасары қылмыстардың алдын-алу, қоғамдық тәртіпті сақтау комиссия мүшелерінің ғана емес, атқарушы, өкілді, қадағалаушы органдардың ортақ міндеті екенін айтты. Бұл бағытта ауданда тиісті жұмыстар ат­қарылып жатқанына қара­мас­тан қылмыстардың кей­бір са­наттары бойынша өсім бай­қалып тұрғанын жеткізді.

– Аймақ басшысы жақында облыс әкімдігі жанындағы ведомствоаралық комиссия оты­рысында бірқатар тапсырма берді. Сол тапсырмаларды орындау үшін нақты шаралар қа­былдау қажеттігі туындауда. Сон­дықтан бүгінгі комиссия отыры­сының күн тәртібінде бірнеше мәселе қаралады. Оның біріншісі алаяқтық, оның ішінде интернет алаяқтыққа арналса, екінші бұрын сотты болғандарды, оның ішінде пробациялық бақылау есебінде тұратын азаматтарды жұмыспен қамту және оларға әлеуметтік көмек көрсету бойынша атқарылған шаралардың нәтижесін талқылаймыз. Сонымен қатар жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік апаттарының себебі мен жүргізілген талдау жұмыстарының қорытындысын да комиссия мүшелерімен бірге пысықтап, алдағы жоспарымызды айқындаймыз, – деді Д.Серікбайұлы.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы А.Оспанов баяндама жасады.

– Интернет пен цифрлы техно­­­логиялардың кеңінен таралуы жаһандану құрылымын ғана емес, қылмыс әлемінің сипатын, соның ішінде қылмыс түрін түбегейлі өзгертті. Қазір бәріміздің өмірімізде цифрлы технология­­лар маңызды рөл атқарады. Әлеуметтік желілер мен түрлі интернет платформалар тек ақпарат алмасу тетігі болып қана қоймай, сауда-саттықтың негізгі алаңына айналды. Осы ретте ақпараттық технологиялар мен интернеттің мүмкіндіктерін мықты меңгерген алаяқтардың құрығы ұзарып, күн сайын мың құбылған алдап-арбау тәсілдеріне тыйым болмауда.

2022 жылы аудан көлемінде 3 алаяқтық қылмысы тіркелсе, биылғы жылдың 8 айында бұл көрсеткіш 8 дерекке өсім алып отыр. Тергеу амалдары өз нәтижесін бермеуде. Интернет-алаяқтардың алаяқ­тардан айыр­ма­шылығы, оларды анықтап жауапкершілікке тарту әлдеқайда қиындығында. Себебі олардың кім екені, қайда екені белгісіз, шет елдерде жұмыс істейтін қылмыскерлерді табу тіпті қиын. Алаяқтық қылмыстарының алдын алу мақсатында аудан көлемінде орналасқан 84 дүкен, 2 ломбарт, 2 банк, 1 микро зайым беру орталығы, 6 мемлекеттік мекеме, 5 дәмхана, 3 дәріханаларға және халық көп шоғырланатын орындарға жадынамалар ілінді. Осының барлығын анықтау жұмыстары, ұзақ уақытқа созылатын тергеу амалдарын талап етеді. Тұрғындарға жеке куәлік деректерін, төлем карта­ларының мәліметтерін, құпия сөз­дерді және смс кодтарды ешкімге хабарламау, бел­гі­сіз әрі тексерілмеген сайттар мен күмәнді сілтемелер ар­қы­лы төлем жүргізбеу, ұялы телефон мен компьютерге бел­гісіз қосымшаларды орнатпау қа­жет­тігін ескертеміз, – деді А.Оспанов.

Аудан әкімінің орынбасары қылмыс ашылмады екен деп қарап отыруға болмайтынын ескертіп, полицияның құзіреті шегінде тергеу амалдарын жандандыруды тап­сырды. Сондай-ақ түсіндірме жұмыстарын жүргізуге мән беру қажеттігін ескертті.

Екінші мәселе бойынша аудандық пробация қызметінің аға инспекторы Н.Дүйсенбаев пен аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлі­мінің басшысы М.Қаратаев хабарлама жасады. Хабарламашылар пробация қызметінде есепте тұратын азаматтар бақылауға алынғанын айтып, оларды әлеуметтендіру іс-шаралары жүргізіліп жатқанын жеткізді. Оның ішінде қоғамдық жұмысқа тарту, спорттық-мәдени іс-шараларға қатыстырту, қайырымдылық көмектер үлестіру секілді бағыттар бар. Аудан әкімінің орынбасары бұрын сотты болғандардың қайта қылмыс жасауының алдын алу үшін жан-жақты жұмыстар жүргізілу керектігін айтты. Бұл ретте ұсынылған жұмыстан бас тартып, басқа қызмет атқарып немесе жұмыссыз жүрген азаматтарға қатысты шынайы талдау жұмыстарын жүргізуді, нәтижесін аудан әкімі аппаратына баяндауды тапсырды.

– Таяуда ғана Түркістан облысының, Сарыағаш ауданында жантүршігерлік оқиға орын алып, қоғамда резонанс туды. Бұл оқиға барлығымызға сабақ болуы тиіс. Пробация есебіндегі азаматтардың мінез-құлқын, өмір салтын, әлеуметтік жағдайын зерделеп, ауытқушылықтардың негізінде құқық бұзушылық жасау тәуекелін бағалап, осы бағытта әрекет жасау – профилактиканың негізгі және тиімді бағыты. Әсіресе, құзырлы органдар үшін екі есе жауапкершілікті күшейту қажет. Бұл аймақ басшысының тікелей бақылауында тұрған мәселе, – деді аудан әкімінің орынбасары

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, биылғы жылдың 8 айында ауданда жол-көлік оқиғалары 28,6 пайызға, жарақат алғандар 35 пайызға өскен. Бұл алаңдатарлық жағдай. Сондықтан комиссияның күн тәртібіндегі үшінші мәселе жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік апаттарының се­бебі мен жүргізілген талдау жұ­мыстарының қорытындысы жө­нінде өрбіді. Аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін ат­қарушы А.Оспановтың баяндамасы тыңдалды.

– Жол қозғалысы ережесін бұзғандарға қатысты 1225 әкімшілік құқық бұзушылық шара көріліп, 5 млн теңгеден астам айыппұл салынып, оның 90 пайызы өндірілді. Әр іске жеке-жеке талдау жұмысы жүргізілді. Көлік апаты болуы мүмкін тұстар бақылауға алынып, жұмыс күшейтілді. Жол-кө­лік оқиғаларының алдын алу про­филактикасы бойынша «Қа­уіпсіз жол», «Автобус», «Құ­қық тәртібі», «Автомобиль» ар­­найы іс-шаралары өткізілуде. Жыл басынан бері мас күйінде кө­лік құралдарын басқарған 21 жүргізуші анықталып, барлығына да аудандық сот арқылы қатаң ша­ралар қабылданды. Тереңөзек кентінде 14 бейнебақылау каме­раларының көмегімен жол ережесін бұзудың 53 дере­гі анықталды. Сондай-ақ аудан­дық кірістер бөлімімен бірлесіп, заңсыз жолаушыларды тасымалдаумен айналысатын 4 жүргізуші анық­талып, жауапкершілікке тартылды. Біз бұл бағыттағы жұмыстарды күнделікті жүргізудеміз. Автокөлік жүргізушілеріне жол-қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертеміз, – деді А.Оспанов.

Аудан әкімінің орынбасары істен шыққан бейне­бақылау камера­ларын жөн­деуді тез арада шешуді тапсырды. Сондай-ақ жол-көлік оқи­­ғаларының алдын алу ба­ғытында патрульдік полиция бекеттерінің жұмыс тиімділігі арт­тыруды міндеттеді. Аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруа­шылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне кент, ауыл әкімдерімен және аудандық полиция бөлімімен бірлесіп, кентішілік және ауданаралық бағытта жолау­­шыларды тасымалдаумен айналы­сатын азаматтарды бақылауға алу бағытында рейдтік іс-шаралар ұйымдастыру қажеттігін ескертті.

А.Ибрагимұлы
03 қазан 2023 ж. 203 0