Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Мәмс мәселелері бойынша кездесу

Мәмс мәселелері бойынша кездесу

2020 жылдан бастап елімізде міндетті медициналық сақтан­дыру жүйесі іске қосылды. МӘМС жүйесінің игілігін кө­ріп, тиімділігіне көз жеткізген адам жетерлік. Қордың негізгі мін­деттерінің бірі – пациенттің құқығын қорғау.

Осы ретте арнайы мамандар аудандармен ауылдық округтерді аралап, халыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Жақында аудан әкімдігінің мәжіліс залында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша халықпен есептік кездесу өтті.

Жиынға аудан әкімінің орынбасары Димаш Байдушев төрағалық етсе, денсаулық сақтау саласының қызметкерлері мен ұстаздар тың­дарман ретінде қатысты. «Қызылорда об­лысының Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басқарма бас­шысының орынбасары М.Мирзанова, «Әл­еу­меттік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қы­зылорда облысы бойынша филиалының директоры Б.Исмаханбетов өз кезегінде жиынға қатысушыларға МӘМС жүйесін түсіндіріп, сұрақтарға жауап берді.

Алғашқы сөз Мая Миранбайқызына бе­рілді. Ол ауданда және елді мекендерде­ материалдық-техникалық жарақтандыру бо­йынша проблемалық мәселелерге қатысты қабылданатын шаралар туралы,­ ауыл­дық жердегі денсаулық сақтауды дамыту жөніндегі жоспарлар, ауруларды ер­те анықтауды және диспансерлік есепке­ қоюды, аурулардың бастапқы сатысында медициналық көмек көрсетуді, медициналық ұйымдарды жабдықтармен жарақтандыруды, медициналық көмек көрсету кезектілігін және өңірдегі сырқаттанушылық деңгейі жөнінде айтып өтті. Сонымен қатар медициналық көмек көрсетуді аймақтандыру деңгейіне сәйкес өңір халқы үшін медициналық көмек алу мүмкіндігін, оның ішінде азаматтар ауруына, жағдайының ауырлығына байланысты қандай медициналық ұйымға жүгіне алатындығын түсіндірді.

Одан кейін әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов азаматтар міндетті әлеуметтік сақтандыру ақысын уақытылы төлеп, сақтандырылмаса, дәрігерлер көмек көрсете алмайтынын атап өтті. Сондай-ақ аталған жүйеге қатысты халық тарапынан жиі қойылатын сұрақтарға жауап беріп өтті.

– Облысымыздың 823117 азаматының 694 389-ы сақтандырылған немесе­ сақтанды­рылғандар үлесі 84,4% құ­рай­ды. 128 327 азаматымыз МӘМС жүйе­сінде сақтандырылмай тыс қалып қойып отыр. Әрине әрбір жыл кезеңімен сақтан­дырылмаған азаматтарымыздың саны сатылап азаюда. МӘМС жүйесі енгізілген үш жарым жыл ішінде қаржы екі жарым есе өсті. Жоғары технологиялар енгізілуде. Жүрек-қан тамырлары, нейрохирургиялық оталарға, трансплантацияларға бұрынғымен салыстырғанда 4 есе көп қаржы құйылып жатыр. Оталардың мөлшері 5 есе артты. Отадан кейін азаматтар оңалтудан өтеді. Біздің елімізде әлеуметтік сипаты негізінде құрылған МӘМС Қорында сақтандырылған азаматтар төлеген жарна көлеміне қарамай, медициналық көрсеткіштері болса, барлық қызметті МӘМС аясында ала алады. Бұның бәрі – МӘМС артықшылықтары. МӘМС жүйесіндегі мәртебеңізді бірнеше жолмен тексеруге болады: fms.kz ресми сайты, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы, Telegram-дағы SaqtandyryBot, Egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы, – деді маман. Сондай-ақ халық тарапынан жиі берілетін сұрақ «МӘМС төлеп, бірақ бір жыл ішінде медициналық ұйымға жүгінбесе», ол ақша қайтарылмайтынын айтты.

Жиын соңында тұрғындар өз көкейіндегі сұрақтар мен өздері куә болған жайттарды ортаға салып, заң жүзінде тиісті жауап алды.

А.МҰХАНБЕТҚАЛИ
30 қыркүйек 2023 ж. 214 0