Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Айдарлы, Жетікөл, Аманкелді ауылдарында көшелер асфальтталуда

Айдарлы, Жетікөл, Аманкелді ауылдарында көшелер асфальтталуда

Бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаев Айдарлы, Жетікөл, Аманкелді ауылдарында жүргізіліп жатқан жол жөндеу жұмыстарын көрді. Мердігер мекеме өкілдерімен сөйлесіп, жұмыс сапасын назарға салды.

Биыл Айдарлы ауылында 3 көше жөндеуден өткізілуде. Атап айтқанда, Қ.Сәтпаев, А.Жиренов, Ж.Досымбетұлы көшесіне асфальт жабындысы төселуде.

Жетікөл ауылында да Рахменше, А.Көзейбаев, П.Сахабаева көшелері орташа жөндеуден өткізілуде.

Ал Аманкелді елді мекенінде О.Жалмұрзаев, А.Ағайдаров, Қ.Баймағамбетов, М.Қалымбетов, Жанкина көшелеріне асфальттау жұмыстары жүргізілуде.

Ауылдардағы жол жөндеу жұмыстарын «Универсал сервис МН» ЖШС, «Әлем ҚызметGroup» ЖШС, «АйкоСтрой» ЖШС, «Акнур-Авто» ЖШС атқаруда.

Аудан басшысы мердігер мекеме өкілдеріне көше жолдарының түзу салынуын, сапалы атқарылуын ескертті. Күнделікті бақылауда ұстауды тиісті сала басшысына тапсырды.
29 қыркүйек 2023 ж. 390 0