Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Кешенді жұмыстар жүргізілуде

Кешенді жұмыстар жүргізілуде

Облыс аумағында есірткінің заңсыз айналымына қатысты қылмыстарды ырықтандыру және профилактикалық іс-шаралардың тиімділігін арттыру бағытында облыстық прокуратура тарапынан нақты тапсырма берілген. Соған сәйкес «Есірткісіз аймақ» жобасының іс-шаралар жоспары бекітіліп, орындау үшін уәкілетті органдарға жолданған.

Аудандық прокуратура жоспарға сәйкес іс-шаралардың орындалуын үйлестіруде. Уәкілетті орган қызметкерлерінен құралған жұмысшы топ мүшелерімен бірге «Есірткі алқап­тарының картасы» әзірленіп, соңғы 3 жылда анықталған есірткі алқаптарының координаттары енгізілді.

Жоспарға сәйкес қадағалау аума­ғына қарасты 13 әкімшілік аймақтарға (кент, ауылдық округтер) жұмысшы топтармен 98 мәрте аралау, шолу жұмыстары жүргізілді. Оған жол талғамайтын көліктер, мініс аттары, ұшу аппараттары (дрон), есірткі алқаптарының картасы, дүрбілер қолданылды.

Нарколог-дәрігермен мінез құл­қы­­ның бұзушылықтары бар «На­ша­қор» есебіне алынған 42 азаматтың тізімі қалыптастырылып, про­филактикалық бақылап-тексеру жұмыстары да қатар жүргізілуде. Ата-аналарының рұқсатымен 514 мектеп оқушылары (ер балалар) наркотестілеуден (скрининг) өткізіліп, есірткі заттарын қолдану белгілері анықталмады.

Полиция қызметкерлерімен бұ­рын-соңды есірткімен байланысты қылмыс үшін сотты болған, есірткі егумен немесе сатумен айналысуы мүмкін, есірткіге тәуелді, азаматтар тізімі қалыптастырылды. Бұл бойынша да профилактикалық бақылау жұмыстары жүргізілді және алдағы уақытта да жалғасады.

Жергілік БАҚ-та интернет-ресурстарда, әлеуметтік желілерде жүйелі түрде нашақорлыққа қарсы күресті насихаттау мақсатында тақырыптық әлеуметтік бейнероликтер, посттар, мақалалар жарияланып, әлеуметтік желілерде арнайы хэштегтермен ақпараттар легі оқырман назарына ұсынылды.

Атқарылған жұмыс нәтижесінде Сырдария аудандық полиция бөлі­мімен есірткінің заңсыз айналымына қатысты – 9, құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді егіп өсіруге байланысты – 14 қылмыстық іс тіркелген. Жедел-іздестіру нәтижесінде қыл­мыс жасаумен әшкереленген 11 аза­­мат­тың алтауына айыптау үкімі шығарылған, үшеуіне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қылмыстық іс сотта қаралуда.


Б.Жұмағали,
Сырдария аудандық
прокуратурасының
прокуроры

26 қыркүйек 2023 ж. 185 0